Бүгінде 24 млн ұялы абонент бар
Бұл туралы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Телекоммуникация комитетінің төрағасы Ержан Мейрамов айтты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Жалпы (Қазақстанда, – автор) ұялы телефондардың 10%-ы 5G желісіне қосыла алады. Байланыс операторлары мобильді байланыстың бесінші буынын іске қосса, бұл қызметті пайдалатындардың саны едәуір өседі деген сенім бар, - деді комитет төрағасы ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.
Оның айтуынша, бүгінде елімізде 24 млн ұялы байланыс абоненті бар.
Айта кетейік, жыл соңына дейін Астана, Алматы және Шымкентте 5G іске қосалатыны хабарланған еді.