Египетте бір денесі, екі басы, төрт қолы бар егіздер дүниеге келді
Оларды ажыратып алу мүмкін болмай тұр
Египетте бір әйел денелері бір-біріне жабысып қалған, екеуіне ортақ екі аяқ, төрт қолы бар егіздерді өмірге әкелді. Бұл туралы lenta.ru хабарлады.
Әзірге аты аталмай отырған әйел балаларының қандай болып туатынын алдын ала білген. Олар жүктіліктің 9-айында кесіп алу жолымен жарыққа шығарылған.
Жаңа туған егіз нәрестелердің бір-бірімен ортақ бір денесі, екі басы, екі аяғы және төрт қолы болатыны күні бұрын анықталған. Сондықтан әйел дәрігерлердің ұдайы бақылауында тұратын арнайы ауруханаға жатқызылған.
Балалардың жынысы да әзір айтылып отырған жоқ. Қазір олардың ішкі құрылымдары – асқазаны мен кеудесі ортақ екені анық болып тұр. Сондықтан оларды ажыратып алу мүмкін емес.
Бұған қоса, бұрынғы тәжірибелерден белгілі болғандай, мұндай егіздердің әрі қарай өмір сүріп кетулері де неғайбыл.