×

«Сары» және «жасыл» аймақтарда Ashyq қосымшасын қолдану міндетті емес

ВАК бірқатар шектеуді алып тастады

 Қымбат Елтайқызы 11.03.2022 | 20:22
фото: ашық дереккөзден

Бүгін вице-премьер Ералы Тоғжановтың төрағалығымен Қазақстан аумағында коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысы өтті. ВАК елдегі эпидемиологиялық жағдайдың тұрақтануын ескере отырып, бірқатар шешім қабылдады.

Бірінші. Эпидемиологиялық тәуекелдің «сары» және «жасыл» аймақтарында орналасқан өңірлердегі барлық нысандарда:

  • Ashyq мобильді қосымшасын міндетті түрде қолдану;
  • әлеуметтік қашықтықты сақтауға қойылатын талаптар;
  • міндетті термометрия.

Екінші. Эпидемиологиялық қауіп-қатердің барлық аймақтарында ашық ауада маскаларды міндетті түрде кию.

Үшінші. COVID-19-ға қарсы вакцина алмаған қызметкерлер үшін күндізгі режимдегі жұмысқа рұқсат беруді шектеу (қызмет көрсету саласының объектілері).

Төртінші. Вахталық әдіспен жұмыс істейтін ұйымдардың қызметкерлері үшін вахтаға кіру және шығу кезінде ПТР әдісімен міндетті зертханалық тестілеу.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама