Halyq Uni логотип
×

Әйелдер 61 жаста зейнетке шығады: Тоқаев заңға қол қойды

Сондай-ақ бала күтімі бойынша төлемдерді тағайындау мерзімінің ұзақтығы 1,5 жылға дейін ұлғайтылды

 Динара Амантай 26.12.2022 | 09:32
Әйелдер 61 жаста зейнетке шығады: Тоқаев заңға қол қойды
Фото: Halyq Uni

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік жастар саясаты және әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының заңына қол қойды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Ол заңда төмендегі мәселелер қарастырылған:

  • жастардың жасын 29-дан 35-ке дейін ұлғайту;
  • бала күтімі бойынша төлемдерді тағайындау мерзімінің ұзақтығын 1,5 жылға дейін ұлғайту;
  • ең төменгі базалық зейнетақының мөлшерін ең төменгі күнкөріс деңгейіне – 70%-ға тұрақты түрде жеткізу, ең жоғары базалық зейнетақының мөлшері – 120%-ға дейін;
  • әйелдердің зейнет жасын 2028 жылға дейін 61 жас деп белгілеу;
  • жасы бойынша зейнетақы төлемдерін есептеудің кіріс шегін 46 еселенген айлық есептік көрсеткіштен 55 есеге дейін ұлғайту.

Еске сала кетсек, бұған дейін Сенат депутаты Дана Нұржігіт зейнет жасын 63-тен 61-ге төмендетуді фолловерлерінің жеңісі деп есептейтінін айтқан болатын.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама