Halyq Uni логотип
×

Нұрлан Мәсімовтің ісі сотқа берілді

Ол ауыр және аса ауыр сыбайлас жемқорлық қылмыстар жасады деген күдікпен ұсталған болатын

 Дастан Жұмабекұлы 26.12.2022 | 09:14
Нұрлан Мәсімовтің ісі сотқа берілді
фото: Нұрлан Мәсімов

Павлодар облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет облыстық полиция департаментінің бұрынғы бастығы, полиция генерал-майоры Н. Мәсімовке, оның орынбасары Д.Сиразидимов пен кәсіпкер Е. Евковичке қатысты ауыр және аса ауыр сыбайлас жемқорлық қылмыстар жасады деген күдікпен сотқа дейінгі тергеуді аяқтады.

Мәсімов пен Сиразидимов мемлекеттік сатып алуды өткізу және үлестес компаниялармен келісімшарттарға қол қою кезінде қамқорлығы үшін 90,3 млн теңге сомасында пара алып, қару-жарақ сатып алуға арналған 420 млн теңге сомасында бюджет қаражатын ұрлады деп айыпталуда.

22 желтоқсанда Павлолар облысының прокуратурасы айыпталушыларды сотқа берді.

Айта кетсек, Нұрлан Мәсімов 13 шілдеде Шығыс Қазақстан облысынан Ресейге жалған құжаттармен өтпек болған жерінен ұсталған болатын. Оны Антикор ҰҚК шекара қызметімен бірігіп тұтқындады.

Нұрлан Мәсімов – Ұлттық қауіпсіздік комитетінің экс-төрағасы Кәрім Мәсімовтің немере бауыры. Ол биыл 17 қаңтарда Ішкі істер министрінің бұйрығымен Павлодар облысы ПД бастығы қызметінен босатылған.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама