Halyq Uni логотип
×

СҚО-да ер адам ұлының орнына немерелеріне алимент төлеуге міндеттелді

Борышкер әке міндетін орындамады, осыған байланысты 3,7 млн теңге мөлшерінде берешек пайда болды

 Халық үні 26.12.2022 | 07:45
СҚО-да ер адам ұлының орнына немерелеріне алимент төлеуге міндеттелді
Фото: azh.kz

Солтүстік Қазақстан облысында сот әйелдің атасынан немерелеріне алимент төлеу туралы өтінішін қанағаттандырды, деп хабарлады облыстық прокураура.

Ведомствоның хабарлауныша,  2021 жылғы 1 маусымдағы сот бұйрығымен әйелдің пайдасына кәмелетке толмаған балаларға ай сайын табыстың және (немесе) өзге табыстың 1/3 бөлігі мөлшерінде алимент өндірілді.

Борышкер әке міндетін орындамады, осыған байланысты 3,7 млн теңге мөлшерінде берешек пайда болды.

Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасы кодексінің 152-бабына сәйкес көмекке мұқтаж кәмелетке толмаған немерелері өздерінің еңбекке қабілетті ата-аналарынан, еңбекке қабілетті кәмелетке толған бауырларынан және апа-сіңлілерінен алиментті сот тәртібімен алуға құқылы,

«Өндіріп алушы борышкердің әкесінен немерелерін асырап-бағуға алимент төлемдерін өндіріп алу туралы өтініші Петропавл қаласының 2022 жылғы 3 наурыздағы №2 сотының шешімімен қанағаттандырылды, оның негізінде 2022 жылғы 28 қарашада атқарушылық іс жүргізу қозғалды. Алимент атасының зейнетақысынан ай сайын 10 айлық есептік көрсеткіш (30 630 теңге) мөлшерінде өндіріледі», - делінген хабарламада.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама