Бірінші жартылай орта салмақтағы қазақстандық боксшы Батыр Жүкембаев (20-1, 16 КО) өз дивизионындағы боксшыларға үн қатты
Бірінші жартылай орта салмақтағы қазақстандық боксшы Батыр Жүкембаев (20-1, 16 КО) өз дивизионындағы боксшыларға үн қатты, деп хабарлайды Vesti.kz.
«Кеттік! Бірінші жартылай ортада кез келгенге дайынмын! (140 фунт)», - деп жазыпты Батыр Twitter-дегі парақшасында.
Айа кетейік, Қазақстандық боксшы Батыр Жүкембаев (19-1, 15 КО) Алматыдағы бокс кешінің басты айқастырының бірінде жеңіске жетті.
Оның қарсыласы «Tiger» лақап атымен танымал оңтүстікафрикалық Ксолани Мкотели (19-7, 12 KO) болды. Он раундқа есептелген айқас алтыншысында техникалық нокаутпен аяқталды. Ал оған дейін қазақ боксшысы қарсыласын үш рет нокдаунға түсірді.
Осылайша, Жүкембаев карьерасында 20 рет жеңіске жетіп отыр. Оның 16-сы – нокаут. Жалпы, Батыр рингке былтыр желтоқсанда шыққан болатын. Ол кезде мексикалық Хуан Хосе Мартинес Альваресті 69-секундта нокаутқа түсірген-ді.