×

«Жолбарысты» 3 рет құлатып, нокаутқа түсірген Батыр Жүкембаев мәлімдеме жасады

Бірінші жартылай орта салмақтағы қазақстандық боксшы Батыр Жүкембаев (20-1, 16 КО) өз дивизионындағы боксшыларға үн қатты

 Халық үні 25.12.2022 | 23:17
sportx.kz

Бірінші жартылай орта салмақтағы қазақстандық боксшы Батыр Жүкембаев (20-1, 16 КО) өз дивизионындағы боксшыларға үн қатты, деп хабарлайды Vesti.kz

«Кеттік! Бірінші жартылай ортада кез келгенге дайынмын! (140 фунт)», - деп жазыпты Батыр Twitter-дегі парақшасында.

Айа кетейік, Қазақстандық боксшы Батыр Жүкембаев (19-1, 15 КО) Алматыдағы бокс кешінің басты айқастырының бірінде жеңіске жетті.

Оның қарсыласы «Tiger» лақап атымен танымал оңтүстікафрикалық Ксолани Мкотели (19-7, 12 KO) болды. Он раундқа есептелген айқас алтыншысында техникалық нокаутпен аяқталды. Ал оған дейін қазақ боксшысы қарсыласын үш рет нокдаунға түсірді.

Осылайша, Жүкембаев карьерасында 20 рет жеңіске жетіп отыр. Оның 16-сы – нокаут. Жалпы, Батыр рингке былтыр желтоқсанда шыққан болатын. Ол кезде мексикалық Хуан Хосе Мартинес Альваресті 69-секундта нокаутқа түсірген-ді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама