Негізінен қала төңірегіне шоғырланған, тұрмысы төмен отбасылардың ағаштан салынған үйлері өртенген
Чилидің Винья-дель-Мар курортты қаласында алапат өртке байланысты төтенше жағдай жарияланған. Өрт жалпы саны 500-ден астам үйді жалмаған. Бұл туралы RBC хабарлады.
Өрттен кем дегенде 2 адамның қаза тапқаны анықталды. Жалынды ауыздықтауға 11 өрт сөндіру бригадасы мен 9 тікұшақ және 2 ұшақ жұмылдырылған.
Жергілікті ақпарат құралдарының жазуынша, өрт алдымен тау бөктеріндегі орманды алқаптан басталып, желдің күшімен қалаға қарай ығысқан. Өртеніп кеткен үйлер негізінен қала төңірегіне шоғырланған, тұрмысы төмен отбасылардың ағаштан салынған үйлері екен.