×

«Крис-П» Алматы облысына да қайтарылды

Полиция өкілдеріне мұндай бақылау құрылғыларын қолдануға 2019 жылдан бері шектеу қойылған еді...

 Ербол Тұрымбет 25.12.2022 | 16:37
фото: ашық дереккөз

«Крис-П» радарлық кешені облыстағы республикалық маңызы бар жолдарға қойылмақ. Бұл туралы «Пятый регион» хабарлады.

Полицияның мәліметінше, радарлық құрылғыны жолдарға қайта қоюға көлік жүргізушілерінің салғырттығы себеп болған.

Айта кетейік, полиция өкілдеріне мұндай бақылау құрылғыларын қолдануға 2019 жылдан бері шектеу қойылған еді. Дегенмен елді мекен ішінде енді қойылмағанмен, сырттағы жолдарда қолдануға тыйым салынбайтынын жеткізген-ді.  

Енді Алматы облысы жолдарына қайтадан қойылатын «Крис-П» радарлық кешенінің бұрынғы функциялары толығымен сақталады. 

Айта кетейік, 2022 жылдың 2 қарашасында осы үш аяқты құрылғының Жетісу облысы жолдарына да қойылғаны айтылған еді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама