Алматылық команда финалда ақтөбелік «Рахметті» ұтты
Семейде өтіп жатқан жартылай финалдық матчтар кезінде алматылық ұжым алдымен «Ақтөбе» командасымен кездескен еді. Онда ойын 2:1 есебімен алматылықтардың жеңісімен аяқталған-ды. Ал финалдық ойында алматылықтарға тағы бір ақтөбелік команда қарсы шықты.
Қарсыластар ойынның негізгі уақытын 3:3 есебімен тең аяқтаған еді. Ал экстра-таймда «Қайраттың» капитаны Дуглас Жуниор екі гол соғып, алматылық команданың 17 рет Қазақстан кубогын иемденуіне жол ашты.
Бұл – «Қайрат» футзал клубының осы чемпионаттағы қатарынан 10 жеңісі.