Отандасымыз ірі есеппен жеңді
Қазақстандық Елена Рыбакина Дубайда (БАӘ) өтіп жатқан World Tennis League командалық турнирінің финалында әлемнің бірінші ракеткасы, Польша өкілі Ига Свентекпен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Е.Рыбакина қарсыласынан 6:3, 6:1 есебімен басым түсті.
Бір сағатқа созылған кездесуде Е.Рыбакина 3 эйс жасап, 8 брейк-пойнттың бесеуін пайдаланды.
Осылайша, Е.Рыбакина өнер көрсететін «Хоукс» («Қаршығалар») командасы «Кайтспен» («Әуе жыландары») бәсекеде 11:4 есебімен алға кетті.