Halyq Uni логотип
×

Министрлік 15 баланың өліміне себеп болған дәріге қатысты мәлімдеме жасады

Үнділік «ДОК-1 МАКС» препаратын Marion Biotech Pvt. Ltd компаниясы өндіріп жатыр

 Халық үні 24.12.2022 | 21:29
Министрлік 15 баланың өліміне себеп болған дәріге қатысты мәлімдеме жасады
фото: ашық дереккөзден

Өзбекстанда 15 баланың өліміне себеп болуы мүмкін деген дәрі Қазақстанда тіркелмеген. Сонымен қатар, бұл препарат елімізде сатылмайды. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі мәлім етті. 

Айта кетейік, Өзбекстан тұмау мен суық тиюге қарсы үнділік «Док-1 макс» препаратын сатуға уақытша тыйым салды.

Аталған дәрі Самарқан облысында қайтыс болған 15 баланың өліміне себеп болуы мүмкін деген ақпарат тарады.

Ведомство мәліметінше, үнділік «ДОК-1 МАКС» препаратын Marion Biotech Pvt. Ltd компаниясы өндіріп жатыр.

Елімізде оның тіркелген мерзімі 2018 жылы өтіп кеткен.

«Қазіргі кезде елімізде тіркелмеген. Оның құрамында 500 мг парацетамол, 200 мг гвайфенезин және 10 мг фенилэфрин гидрохлориді бар», - делінген ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінде.

Министрлік ақпаратына қарағанда, парацетамолдың салдарынан препарат бүйрек функциясының бұзылуы түрінде жанама әсер береді.

Сондықтан бұл дәріні нұсқауда көрсеткен дозада ғана пайдалану керек.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама