×

5 адам көз жұмды: Алматы облысында қайғылы жағдай болды

Әлеуметтік желіде оқиға орнынан жантүршігерлік видео тарап жатыр

 Халық үні 24.12.2022 | 19:44
фото: ашық дереккөзден

Алматы-Бішкек тас жолында болған жантүршігерлік жол апатынан бес адам қаза тауып, үшеуі жарақат алды. Жол-көлік оқиғасының мән-жайын Алматы облысы бойынша Полиция департаменті хабарлады. 

Әлеуметтік желіде оқиға орнынан жантүршігерлік видео тарап жатыр. Кадрларда жалынға оранған көлік пен бір топ ер адам зардап шеккендерге көмектесуге тырысып жатқандары байқалады.

Оқиға Алматы облысындағы Ақтерек ауылының маңында болғаны көрсетілген. Облыстық Полиция департаменті 24 желтоқсан күні Жамбыл ауданында Toyota Camry, Daewoo Nexia және DAF Trucks жүк көлігі соқтығысты деп хабарлады. Апат 5 адамның өмірін қиды.

«Алдын ала анықталғандай, 33 жастағы Toyota Camry жүргізушісі Алматы-Бішкек тас жолының 126 шақырымында тіркемесі бар DAF Trucks-ты басып озған кезде Daewoo Nexia-мен бетпе-бет соқтығысып, содан кейін инерциямен барып жүк көлігіне соғылған. Оқиға орнында 4 адам көз жұмды. Тағы 4 адам түрлі жарақаттармен жақын маңдағы ауруханаға жеткізілді, олардың біреуі сонда қайтыс болды», – деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

Тергеу Қылмыстық кодекстің 345-бабы 4-бөлігі ("Абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан жол қозғалысы ережелерін бұзу") бойынша жүргізіледі. Сараптамалар тағайындалды. 

Серіктес жаңалықтары

Сараптама