×

«Құс тұмауынан қырылды»: Маңғыстау облысына 18 мың доза вакцина жіберілді

Сондай-ақ өңірге республикалық эпизоотияға қарсы отрядтың мамандары жұмылдырылды

 Айнұр Шошаева 24.12.2022 | 14:42
Фото: arbat.media

Маңғыстау облысында аққулардың жаппай қырылуына құс тұмауы себеп болған. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті мәлімдеді, деп хабарлайды Halyq uni

Бұған дейін  Маңғыстау облысының Ақтау қаласынан 20 шақырым жерде, Қаракөл көлінің жағасында аққулар жаппай қырылған болатын.

Сынама алынып, Ветеринария жөніндегі ұлттық референттік орталыққа жіберілді. 21 желтоқсанда өлген құстардан құс тұмауына алынған патологиялық материалдары оң нәтиже көрсетті, – делінген комитеттің ақпаратында. 

Айта кетейік, Қаракөл - жабайы құстардың осы түрі ұшу жолында тұрақтайтын аумақтың бірі. Құс тұмауының анықтаған өңірге комитет 18 644 доза вакцина бөлді.  Сондай-ақ өңірге республикалық эпизоотияға қарсы отрядтың мамандары жұмылдырылды.

Жергілікті атқарушы органдар  жоғары патогенді құс тұмауы бойынша тұрақты эпизоотиялық жағдайды сақтау мақсатында шаруашылық жүргізуші субъектілер, ветеринариялық дәрігерлер, аңшылар, қорықшылар, тұрғындар және басқа да мүдделі тұлғалардың  (құстары бар) арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізеді. Құс фабрикалары жабайы және синантропты құстардың жем-су қоймалары мен құстарды ұстайтын ғимараттарға жақындауына жол бермеу үшін  ветеринариялық іс-шараларды күшейтеді. Бүгінгі таңда республикада үй құстары арасындағы құс тұмауы бойынша эпизоотиялық жағдай тұрақты, – деп қосты комитет.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама