×

Головкин мен Фалькао жекпе-жегі қашан өтетіні белгілі болды

Головкин алдағы жылдың наурыз айында IBF тұжырымы бойынша чемпиондық белдікті қорғауы керек

 Халық үні 24.12.2022 | 06:27
© sn.kz

Головкин алдағы жылдың наурыз айында IBF тұжырымы бойынша чемпиондық белдікті қорғауы керек. Бұл жөнінде бразилиялық боксшы Эскива Фалькао мәлімдеді.

Орта салмақтағы WBA Super, IBF және IBO белбеулерінің иегері қазақстандық Геннадий Головкин (42-2-1, 37 КО) шаршы алаңға наурыз айында оралуы мүмкін.

Бұл туралы отандасымыздың міндетті қарсыласы бразилиялық Эскива Фалькао (30-0, 20 КО) айтты. 

Эскиваның айтуынша, ол АҚШ жеріне қаңтар айында келіп, кездесуге дайындықты бастайды. 

«Айқас наурыз айының соңында өтеді деген мәлімет бар. Бұл IBF талабы. Мен өз-өзіме сенімдімін. Бұл кездесуде жеңіске жете аламын», - деді Фалькао A Gazeta басылымына берген сұқбатында. 

Ал қазақстандық боксшы тарапы әзірге ресми мәлімеме жасамады. Геннадий Головкин кәсіпқой рингте 45 кездесу өткізді. Ең соңғысы қыркүйек айында мексикалық Сауль Альвареске қарсы болды. Головкин-Канело арасындағы үшінші жекпе-жекте жерлесіміз жеңіліп қалды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама