Қазір қолжетімді болып қалған LADA көліктерінің өзі 3 млн рубльден асып кеткен
Қазір ресейлік авто дилерлердің қоймаларында 30 мыңдай ғана шетелдік көлік қалған. Осылайша, ол елде автомобиль дефициті анық байқалып отыр.
Сондай-ақ онда автокөліктердің бағасы кемінде 40 пайызға өскен. Тек өздерінде шығарылатын LADA маркалы көліктер ғана қолжетімді деп саналады. Оның құны былтыр шамамен 700 мың рубль болса, қазір 3 миллион рубльден асып жығылады екен.
Сарапшылар келесі жылы жаңа көліктердің тапшылығы бұдан да артып, 1 миллионға жетуі мүмкін деп отыр.
2023 жылы жағдай түзеліп кетеді дегенге сену қиын. Бұған енді бірнеше жыл керек. Тіпті Қытай және Ресейде шығарылатын автокөліктердің де бағасы аспандап кетті. Қажетті құралдарын сатып алу мүмкін емес.
Мәселе тек көлік жеткізу қиындап кеткенге тіреліп тұрған жоқ, азаматтардың төлем қабілеті де айтарлықтай төмендеген», - дейді сарапшы Максим Шишко.