Зеленский АҚШ-қа барғаннан кейін Путин соғысты тоқтатқысы келетінін мәлімдеді

Еркеғали Болатұлы

Бұған дейін Ресей Зеленский Үкіметін «келіссөздерге әзір емес» деп айыптаған еді

фото: medrussia.org

Ресей президенті Владимир Путин Украинадағы соғысты тоқтатқысы келетінін айтты. Бұл туралы бүгін Qazaqstan телеарнасы хабарлады.

Путиннің пікірінше, әскери жанжал енді диломатиялық жолмен шешілуі керек.

Оған неғұрлым ертерек нүкте қойсақ, соғұрлым жақсы болады, - деді Кремль басшысы.

Айта кетсек, ол мұндай мәлімдемені Украина президенті Владимир Зеленскийдің АҚШ-қа сапарынан кейін жасап отыр. Өйткені қазір Вашингтон Киевке көмекті тоқтатпауға бекінген.

Бұған дейін Ресей Зеленский Үкіметін «келіссөздерге әзір емес» деп айыптаған еді. Ал Украина осы уақытқа дейін Мәскеуден шабуылды тоқтатып, ел аумағынан әскерін түгел әкетуді талап етіп келді.