×

Әлем чемпионатының ең үздік голы анықталды

Бразилия құрамасының шабуылшысы Ришарлисон жанкүйерлердің көп дауысын жинады

 Дастан Жұмабекұлы 23.12.2022 | 17:13
фото: ашық дереккөз

Бразилия құрамасының шабуылшысы Ришарлисон Катарда футболдан өткен әлем чемпионатының ең үздік голының авторы атанды.

Англияның «Тоттенхэм» клубы форвардының бірінші турда Сербия құрамасына (2:0) салған голы жанкүйерлердің ең көп дауысын жинады.  

Үздік голға таласқан ойыншылар арасында Сәлем Әл-Даусари (Сауд Арабиясы), Коди Гакпо (Нидерланды), Энцо Фернандес (Аргентина), Венсан Абубакар (Камерун), Луис Чавес (Мексика), Килиан Мбаппе (Франция), Пэк Сын Хо (Оңтүстік Корея) мен Неймар (Бразилия) болды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама