АҚШ Украинаға тағы 45 млрд доллар беретін болды
Құжатты 68 сенатор қолдап, 29 депутат қарсы шықты
Америка Құрама Штаттарының Сенаты Украинаға көмек беру үшін 45 млрд долларға жуық қаржы қаралған бюджетті бекітті. Бұл туралы «Европейская правда» хабарлады.
Бейсенбі күні өткен Конгресс отырысында 2023 жылы Үкіметті қаржыландыруға 1,7 трлн доллар қарастырылған. Оның ішінде Украина мен АҚШ одақтастарына көмек көрсету үшін қарастырылған қаражаттар да бар. Құжатты 68 сенатор қолдап, 29 депутат қарсы шықты.
Бұған Республикалық партия сенаторы Линдси Грэмнің ресейлік олигархтардың есепшотындағы активтерді тәркілеп алып, оларды Украинаның пайдасына беру жөніндегі түзету енгізуі де қосылды.
«Украинаны қосымша ассигнациялау туралы актіде» қаралған шығын 45 миллиард долларға жуық болды. Оның түйінді баптары былайша шешілді: 14,5 миллиар доллар президенттің шешімімен берілетін әскери қордан, 9 миллиар доллар Украинаға әскери көмек беруге арналған сатып алу қорынан, 13,37 миллиард доллар қаржылай қолдау көрсету тармағынан алынады.
Енді заң жобасын АҚШ Өкілдер палатасы мақұлдағаннан кейін президент Джо Байден қол қояды.
Жалпы, Украинаның соғыс басталғалы АҚШ-тан алған қаржысы 21 миллиард доллар болған еді. Ал алдағы жылғы көмек 2 еседен де асып түскелі тұр.