×

Оңтүстік Қазақстан университетіне Өзбекәлі Жәнібековтің аты беріледі

Қостанайдағы Ахмет Байтұрсынов атындағы ЖОО атауына түзету енгізіледі

 Дәурен Ерболат 23.12.2022 | 12:28
Фото: otyrar.kz

Үкімет Шымкенттегі Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетіне Қазақ КСР мәдениет министрі, этнограф Өзбекәлі Жәнібековтің атын беруді жоспарлап отыр, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Үкімет қаулысының жобасы Ашық НҚА порталында жарияланды.

Қаулы жобасы 6 желтоқсанда өткен Үкімет жанындағы республикалық ономастика комиссиясының қорытындысына сәйкес әзірленді

Қаулыға қол қойылса, Шымкенттегі жоғары оқу орны Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті деп аталады. Сондай-ақ қаулы аясында Қостанайдағы ЖОО оқу орны Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университеті болып өзгереді, - деп жазылған құжатта.

Қаулы жобасы 9 қаңтарға дейін қоғам талқысына ұсынылған.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама