Halyq Uni логотип
×

Сұр майнерлерді мәжбүрлі түрде өшіру керек – Әлихан Смайылов

Су кеңесінің алғашқы отырысы өтті

 Халық үні 11.03.2022 | 14:42
Сұр майнерлерді мәжбүрлі түрде өшіру керек – Әлихан Смайылов
фото: primeminister.kz

Премьер-министр Әлихан Смайыловтың төрағалығымен Су кеңесінің алғашқы отырысын өтті. Отырыста Қырғызстанмен электр энергиясымен тауар алмасу және Қазақстанның оңтүстік өңірлерін сумен қамтамасыз ету мәселелері қаралды.

Қазақстанда су ресурстарын басқару жүйесін жетілдіру мақсатында премьер-министрдің төрағалығымен Су кеңесі құрылды. Кеңес су шаруашылығы саласындағы саясаттың ұлттық басымдықтары мәселелері бойынша ұсыныстар мен ұсынымдар әзірлеуге бағытталған.

Қазақстан мен Қырғызстан тараптары электр энергиясы және сумен қамтамасыз бойынша тауар алмасу туралы өзара тиімді шарттарда уағдаласты.

Қазақстанның оңтүстік өңірлерін сумен қамтамасыз етуге басымдық беріледі. Әлеуметтік тыныштық пен азаматтардың әл-ауқаты – Үкіметтің негізгі міндеті. Бұл мәселе ерекше бақылауда, – деді Әлихан Смайылов.

Премьер Энергетика министрлігіне Қазақстанда электр энергиясының тапшылығына жол бермеу және сұр майнингке қатысты қатаң шаралар қолдану тапсырды. «Сұр» майнерлерді мәжбүрлі түрде өшіру керектігін айтты.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама