Қаржы қаладағы нысандарды күтіп ұстауға бағытталады
Ресей Үкіметі Байқоңыр қаласының қажеттілігіне 203 млн-нан аса рубль (3 млн доллар) бөлді, деп хабарлады РФ-ның құқықтық интернет-порталы.
2022 жылға және 2023-2024 жылдарға арналған федералды бюджет туралы» федералды заңға сәйкес 203 млн 668 мың рубль Байқоңыр ғарыш айлағын жалға алуға байланысты, Байқоңыр қаласының инфрақұрылым объектілерін ұстауға субсидия ретінде бөлу көзделген, - деп жазылған құжатта.
Айта кетейік, Байқоңыр қаласы (Қызылорда облысы) жалға алынған Қазақстанның әкімшілік-аумақтық бірлігі болып саналады.