Былтыр осы аталымды Зара Дәркен жеңіп алған еді
Заңғар Нұрланұлы Еуропа теннис қауымдастығының (Tennis Europe Tour) «Жылдың үздік шетел ойыншысы» аталымымен марапатталды. 14 жастағы Заңғар жылды Еуропадағы үздік 10 теннисшінің қатарында аяқтады.
Биыл ол жекелей және жұптық сында екі реттен жарыс жеңімпазы атанды. Оған қоса, Франциядағы беделді турнирдің финалына дейін жетті.
Аталған марапатты алғаныма өте қуаныштымын. Жыл бойы жақсы өнер көрсетуге тырысып, әр додаға бар күшімді салдым. Мен жаттықтырушыларыма және маған үлкен қолдау көрсеткен Қазақстан теннис федерациясына алғыс айтамын. Алдағы жылы маған жасөспірімдер арасындағы ITF турнирлерінде ойнауға тура келеді. Онда да намысты қолдан бермеймін, – деді Заңғар Нұрланұлы.
Еске сала кетсек, былтыр осы аталым бойынша тағы бір қазақстандық Зара Дәркен үздік шыққан болатын.