Halyq Uni логотип
×

Алматы облысында қар көшкіні қаупі сақталады

Өңір тұрғындарына тауға шықпауға кеңес беріледі

 Дәурен Ерболат 23.12.2022 | 09:25
Алматы облысында қар көшкіні қаупі сақталады
Фото: vsegda-pomnim.com

23-28 желтоқсан аралығында Алматы облысының тауларында қар көшкіні қаупі сақталады, деп хабарлады облыстық Төтенше жағдайлар департаменті.

Тауға шыққан туристер мен демалушылар қар көшкінін тудыруы мүмкін. Сондықтан осы 5 күнде қарлы беткейлерге бармаған дұрыс. Барған күнде де таулы аймақта қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауға тиіс.

Алматы облысының аумағындағы Іле Алатауы тау жотасының оңтүстік беткейінде Еңбекшіқазақ, Талғар және Қарасай аудандарында 48 учаскеде көшкін қаупі бар, - деп жазылған хабарламада.

Негізінен қар көшкіні температура жоғарылағанда және жаңбыр мен қар мол жауғанда түсуі мүмкін.

Таулы аймақтағы қар көшкіні – аса қауіпті табиғи құбылыс. Қар көшкінінің максималды жылдамдығы сағатына 80 шақырымға дейін жетуі ықтимал.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама