2500-ден аса адам вирустан емделуде
Елімізде COVID-19 жұқтырғандардың саны өсіп жатыр, деп хабарлады Денсаулық сақтау министрлігі.
Өткен тәулікте коронавирус 271 адамнан анықталған.
23 желтоқсандағы мәліметке сәйкес, 2 523 науқас COVID-19-дан емделіп жатыр.
Оның ішінде 333 пациент – стационарда, 2 190 науқас амбулаторлық деңгейде ем қабылдап жатыр. 14 науқастың жағдайы ауыр, 4 науқастың жағдайы өте ауыр, 2 науқас жасанды желдету аппаратына қосылған, - деп жазылған хабарламада.
Ал кеше 282 адамнан коронавирус табылған болатын.