Halyq Uni логотип
×

Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың саны өсіп жатыр

2500-ден аса адам вирустан емделуде

 Дәурен Ерболат 23.12.2022 | 09:05
Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың саны өсіп жатыр
Фото: Reuters

Елімізде COVID-19 жұқтырғандардың саны өсіп жатыр, деп хабарлады Денсаулық сақтау министрлігі.

Өткен тәулікте коронавирус 271 адамнан анықталған.

23 желтоқсандағы мәліметке сәйкес, 2 523 науқас COVID-19-дан емделіп жатыр.

Оның ішінде 333 пациент – стационарда, 2 190 науқас амбулаторлық деңгейде ем қабылдап жатыр. 14 науқастың жағдайы ауыр, 4 науқастың жағдайы өте ауыр, 2 науқас жасанды желдету аппаратына қосылған, - деп жазылған хабарламада.

Ал кеше 282 адамнан коронавирус табылған болатын.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама