Прокуратура «Өнер Қырандары» театрына тексеру жүргізіп жатыр
«Харекет қорына 5 жыл» атты концерті болмайды
«Өнер қырандары» театры Алматыдағы Республика сарайымен келіспей, концерт өткізетінін хабарлап, билет сатқан, деп хабарлайды zakon.kz.
«24-25 желтоқсан күндері Республика сарайында Өнер қырандарының «Харекет қорына 5 жыл» атты концерті болмайды! Республика сарайының тарапынан ешқандай концерт жоспарланған жоқ және билеттер сатылымға жіберілмеген», - делінген хабарламада.
Республика сарайының әкімшілігі сонымен бірге қазіргі уақытта прокуратура жоспарланбаған іс-шараға билеттерді заңсыз сату фактісі бойынша тексеру жүргізіп жақанын мәлімдеді.
Бұл күндері Республика сарайында балаларға арналған «Жаңа жылдық шоу» өткізіледі деп жоспарланған.