398 мың гектар жер мемлекет иелігіне қайратылған
Қазақстанда жемқорлардан 107 млрд теңгенің құнды бұйымдары тәркіленген. Бұл туралы Бас прокуратура халықаралық-құқықтық ынтымақтастық қызметінің басшысы Артур Ластаев айтты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Биыл 6 айда олардан мемлекетке 631 млрд теңге қайтарылған.
Қылмыстық істер бойынша залалды өтеу тәртібімен 421 млрд теңге қайтарылды. Оның 314 млрд теңгесі – қолма-қол ақша түрінде, ал 107 млрд теңгесі – асыл тастар мен құнды металдар. Қалған сома демонополизация бойынша жұмыс тәртібімен қайтарылады, - деді Артур Ластаев Бас прокуратурада өткен баспасөз мәслихатында.
Оның айтуынша, олигополия иелігінен 6,5 млрд теңгеден асатын сомаға 398 мың гектар жер қайратылған
«Бұл 600-ден аса кірме теміржолды қайтаруға, жол жүру тарифтерін төмендетуге, мемлекет мүддесін 21,1 млрд теңгеге қорғауға мүмкіндік берді. Сондай-ақ мемлекет иелігінен заңсыз шығарылған прокурордың 6 талабы қанағаттандырылды. Қазір Бас прокуратураның қарауында жалпы сомасы 13,7 млрд теңге болатын 20 наразылық пен талап-арыз бар», - деді Артур Ластаев.