Halyq Uni логотип
×

ҰҚК мен ІІМ-нің адамдарды азаптаған 31 қызметкері қылмыстық жауапқа тартылуда

330-ға жуық қылмыстық іс тергеліп жатыр

 Дәурен Ерболат 22.12.2022 | 17:21
ҰҚК мен ІІМ-нің адамдарды азаптаған 31 қызметкері қылмыстық жауапқа тартылуда
фото: optimism.kz

Бүгінде ҰҚК мен ІІМ-нің 31 қызметкері адам азаптау дерегі бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылып жатыр. Бұл туралы Бас прокуратура арнайы прокурорлар қызметінің басшысы Ризабек Ожаров айтты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Қаңтар оқиғасы кезінде азаптау дерегі бойынша 327 қылмыстық іс тергеліп жатыр. Оның ішінде 31 қызметкер қылмыстық жауапқа тартылуда. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес. біз – арнайы прокурорлар бірнеше істі аяқтадық. Олар сотқа жолданған, - деді Ризабек Ожаров Бас прокуратурада өткен баспасөз мәслихатында.

Cондай-ақ ол тергеуге алынғандардың құзырлы орган қызметкерлері екенін нақтылады.

«Олар Ұлттық қауіпсіздік комитеті мен Ішкі істер министрлігінде жұмыс істеген. Қазір осы 2 ведомствоның қызметкерлері жауапқа тартылып жатыр», - деді арнайы прокурорлар қызметінің басшысы.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама