×

Қаңтар оқиғасын тергеу аяқталып келеді – Бас прокуратура

160 адам бас бостандығынан айырылған

 Дәурен Ерболат 22.12.2022 | 16:46
фото: obvk.kz

Бас прокурордың бірінші орынбасары Тимур Тәшімбаев қаңтар оқиғасын тергеу аяқталып жатқанын айтты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Қаңтар оқиғасын тергеу аяқталып келеді. Бүгінде 1 249 қатысушы сотталды. 160 адам бас бостандығынан айырылды. Қалғандарына жеңіл жаза тағайындалды, - деді Тимур Тәшімбаев Бас прокуратураның 2022 жылғы қадағалау қызметі қорытындысына арналған баспасөз мәслихатында.

Сондай-ақ ол ҰҚК-нің экс-төрағасына қатысты қозғалған қылмыстық іске тоқталды.

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімов пен комитеттің экс-орынбасараларына қатысты іс қаралып жатыр. Олар билікті басып алмақ болды, мемлекетке опасыздық жасалды және қызметін асыра пайдаланды деген күдікке ілініп отыр.

Қазіргі бұрынғы Қорғаныс министрі Мұрат Бектановтың да ісі сотта қаралып жатыр. Оған қызметін асыра пайдаланды деген айып тағылған», - деді бірінші орынбасар.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама