Ол туған күнін атап өткен мейрамханаға шабуыл жасалды
Украианның Донецк қаласында «Роскосмос» кәсіпорнының бұрынғы бас директоры Дмитрий Рогозин туған күнін атап өткен «Шеш-Беш» мейрамханасына белгісіз адамдар оқ жаудырды.
Шабуылдан «Донецк Халық Республикасы» үкіметінің төрағасы Виталий Хоценко жараланып, оның күзетшісі қаза тапты. Осы жерде тағы 5 адам жарақат алды. Оның ішінде мейрамхана әншісі де бар. Сондай-ақ Рогозин де түрлі жарақат алған. Оқтың бірі оның жамбасына тиген.
Мен өмір сүреді екенмін. Мүгедек болмайды екенмін. Оқ омыртқама бір сантиметр жетпей қалды, – деді ол.
Рогозин майдан шебінде өзіне «Космос» деген лақап атын алған. Ал дәрігерлер оның қашан аяққа тұратынын айтпады.