Жас жігіт 18 күннен кейін өзі байланысқа шығып, тірі екенін хабарлаған
Маңғыстау облысында із-түзсіз жоғалған жас жігіт 18 күннен кейін өзі байланысқа шығып, тірі екенін хабарлаған. Ер адам видеоүндеу жариялаған, деп хабарлады Lada.kz.
Белгілі болғандай, Шетпе ауылының 18 жастағы тұрғыны отбасындағы жанжалдан кейін үйінен шығып, Алматыға кетіп қалған.
18 жастағы Асқар Қылышбеков 2 желтоқсанда үйінен шығып, сол күйі оралмаған. Қолында жылы киімдер салынған пакет болған.
Жігітті Қазақстан бойынша «Lider.kz» қозғалысының еріктілері мен полицейлер іздеді.