Әйел 34 жастағы жұбайы үйінің шаруашылық құрылысында есірткі заттарын сақтап отырғандығын айтқан
Ақмола облысы тұрғынының үйінен 2 келі марихуана табылды, деп хабарлайды облыстық Полиция департаменті.
Биылғы жылғы желтоқсанның 19-ында Атбасар полиция бөлімінің учаскелік инспекторына жергілікті ауылдардың бірінде тұратын әйел хабарласып, көмек сұрады. Әйел полицияға жұбайымен жанжалдасып қалғанын және оның 34 жастағы жұбайы үйінің шаруашылық құрылысында есірткі заттарын сақтап отырғандығын айтты.
«Сол күні Атбасар аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері айтылған үйді және оған іргелес жатқан шаруашылық құрылыстарды санкцияланбаған тінту кезінде өзіндік иісі бар, сұр-жасыл түсті өсімдік тектес зат салынған полиэтилен пакетін тапты. Сот-химиялық сараптаманың қорытындысына сәйкес алынған зат салмағы 1930,5 грамм кептірілген марихуана болып шықты. Осы дерекке байланысты Қылмыстық кодекстің 296-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Есірткі құралдарын аса ірі мөлшерде заңсыз сақтағаны үшін күдікті 3 жылдан 7 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылуы мүмкін»,- деп хабарлады ведомство.