Қазақстанда алдағы 3 күнде 35 градус аяз болады
23 желтоқсанда түнде 20-35 градусқа дейін төмендейді
Синоптиктер 22-24 желтоқсан аралығында Қазақстанда ауа райы қандай болатынын болжады
«Қазгидромет» РМК мәліметінше, алдағы үш тәулікте еліміздің басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады.
«Жылу мен ылғалдың үлкен қоры бар атлантикалық циклон әсерінен қар жауып, бұрқасын болады, жел жылдамдығы 15-20, екпіні 23-28 м/с жетеді, еліміздің батысында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында көктайғақ болады. Атмосфералық жоғары қысым алқабымен тек еліміздің батысы мен оңтүстігінде негізінен жауын-шашынсыз болады деген болжам бар», - делінген хабарламада.
Синоптикалық процестердің тез ауысуына байланысты ауа температурасы күрт өзгереді, атап айтқанда, еліміздің солтүстігінде, шығысында және орталығында ауа температурасыны 23 желтоқсанда түнде 20-35 градусқа дейін төмендейді, ал 24 желтоқсанда түнде 5-20 аязға дейін жоғарылайды.