Halyq Uni логотип
×

Павлодарда 6 жасар бала өртеніп кетті

Өртті сөндіру кезінде үйден 6 жастағы баланың денесі табылды

 Халық үні 21.12.2022 | 20:30
Павлодарда 6 жасар бала өртеніп кетті
ашық дереккөзден

Павлодарда тағы бір бала өрттен қаза тапты. Қайғылы оқиға облыс орталығындағы жеке меншік үйлердің бірінде болған, деп хабарлайды «Астана» арнасы.

5 бөлмелі тұрғын үй толығымен жанып кетті. Өртті сөндіру кезінде үйден 6 жастағы баланың денесі табылды.

«Оқиға орнында сараптама мамандары жұмыс істеуде. Алдын ала болжам бойынша өрт электр сымдарының қысқа тұйықталуынан басталған. ҚР Қылмыстық кодексінің 292-бабына сәйкес өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу бойынша іс қозғалып отыр», – дейді Павлодар қаласы төтенше жағдайлар басқармасының басшысының орынбасары Тілекжан Галямов.

Өрттен 2 адам зардап шекті. 39 жастағы әйел уланып қалған. 60 жастағы үй иесінің аяғы күйіпті. Қазір ауруханада ем алып жатыр.

Естеріңізге салайық, күні кеше ғана Тереңкөл ауданында да үй өртеніп, атасы мен немересі қайтыс болды. Жыл басынан бері кәмелетке толмаған 3 бала өрттен көз жұмды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама