×

Amanat партиясы саяси кеңесінің құрамына өзгеріс енгізілді

Бюро құрамына мүшелер саны 9-дан 13-ке өсті

 Ербол Тұрымбет 11.03.2022 | 11:32
коллаж: Halyq Uni

Саяси кеңестің қаулысымен Amanat партиясы саяси кеңесі бюросының жаңа мүшелері сайланды.

Бюроның құрамына ҚР премьер-министрі Әлихан Смайылов, ҚР президенті әкімшілігінің басшысы Мұрат Нұртілеу, Amanat партиясының атқарушы хатшысы Асхат Оралов, халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының вице-президенті Максим Рожин енді.

Осылайша, «AMANAT» партиясы саяси кеңесі бюросының құрамына кіретін мүшелер саны 9-дан 13-ке артты.

Еске салайық, 1 наурызда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Nur Otan партиясының кезектен тыс съезінде саяси кеңес құрамынан бұрынғы Мәжіліс спикері Нұрлан Нығматулин мен Павлодар мұнай-химия зауытының бас директоры Оспанбек Әлсейітов шығарылды.

Сондай-ақ партия съезінде саяси кеңес құрамына «Астана» медициналық университетінің ректоры Камалжан Надыровтың кіргені де хабарланды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама

ШҚО-дағы 197 елді мекенде әлі күнге дейін мобильді интернет жоқ

Бұл мәселені 2025 жылға дейін шешеміз, - дейді министр
28.05.2023 | 15:15

Астанада емханалардың жеке медициналық зертханаларға қарызы 5 млрд теңгеге жетті

Мәселе қаржыландырудың жеткіліксіздігіне байланысты, - дейді Абай Ахметбек
28.05.2023 | 14:23

Ашаршылық туралы кітап пен Абай үйі: Кельнде Еуропа қазақтарының құрылтайы өтіп жатыр

Еуропадағы қазақ мәдени ұйымдарының саны артып келеді
28.05.2023 | 14:05

Елордада тағы 12 автобустың бағдары өзгерді

Өзгерген қозғалыс сызбасымен сілтемедегі сурет арқылы танысуға болады
28.05.2023 | 13:47