Украинада бір тәулікте жарты миллионнан аса Ресей әскері жойылды
Осы кезге дейін 99 740 оккупант қаза тапты
Украина Қарулы күштерінің бөлімшелері өткен тәулікте 500 мыңнан аса оккупанттың көзін жойып, 12 артиллерияны істен шығарған. Бұл туралы «Украинская правда» хабарлады.
Ресей армиясы Украинаға қарсы соғыста осы кезге дейін 99 740 жауынгерінен, 3 мыңнан аса танкісінен және 1 972 артиллериялық жүйесінен айырылды.
Украина президенті Владимир Зеленьский кеше украин ерлері неше айдан бері орыс оккупанттарына қарсы кескілескен күрес жүргізіп жатқан Бахмутта болған сапары кезінде жаудың 100 мыңға жуық сарбазынан айырылып отырғанына айрықша мән бере кетті.
Тек ойланып көріңіздер: Ресей Украинада қазірдің өзінде 100 мыңға жуық сарбазынан айырылып отыр. Бір күннен кейін басқыншылардың шығыны 100 мың болады. Сонда бұл не үшін? Бұл сұраққа мәскеудегілердің біреуінің де жауабы жоқ. Болмайды да. Олар соғыс лаңын салып, адамдардың өмірлерін құртып жатыр. Өз жақындарының емес, өзге адамдардың өмірлерін құрбан етуде. Өйткені Кремльдегі ат төбеліндей адам өз қателіктерін мойындай алмайды, өмірдің шындығынан өлердей қорқады, – деді Зеленский видеоүндеуінде.
Өткен тәулікте Украина Қорғаныс күштері бөлімшелері 25с елді мекеннің аумағында оккупанттардың шабуылдарына тойтарыс берді. Олардың арасында Харьков облысындағы Масютовка, Луганск облысындағы Подкуйчанск, Диброва және Белогоровка, Донецк облысындағы Верхнекаменское, Веселое, Яковлевка, Бахмутское, Бахмут, Водяное, Пески, Невельское, Марьинка, Новомихайловка мен Пречистовка елді мекендері бар.
Осы мезгілде сондай-ақ дұшпан жағы 5 ракета және 16 авиация соққысын жасады. 61 мәрте реактивті дүркін отты жүйемен атқылады. Соның салдарынан Херсон, Константиновка және Волчанск қалаларындағы инфрақұрылымдар мен бейбіт тұрғындар аздаған зардап шекті.