Алматы облысында жантүршігерлік жол апатынан 4 адам қаза тапты (ВИДЕО)
Автомобиль жолдан шығып аударылған
Кеген ауданында жантүршігерлік көлік апаты болып, 4 адам көз жұмды, деп хабарлады Алматы облысының полиция департаменті.
Әлеуметтік желіде тараған видеодан көліктің аударылғанын байқауға болады.
Қайғылы оқиға 20 желтоқсанда Кеген – Ақсай – Көкпек жолында болған. Hyundai Santamo және Mitsubishi Galant көліктері соқтығысқан.
Hyundai Santamo-ның 44 жастағы жүргізушісі Кеген – Көкпек – Тюп жолының 60-шақырымында рөлге ие бола алмай, бір бағытта келе жатқан Mitsubishi Galant көлігіне соғылған. Салдарынан оқиға орнында Hyundai Santamo жүргізушісі мен 3 жолаушысы көз жұмды. Тағы 2 жолаушы түрлі дене жарақатымен ауруханаға түсті, - деп жазылған хабарламада.
Бұл дерекке қатысты Қылмыстық кодекстің 345-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі іс қозғалып, тергеу басталды.