×

ФИФА президенті әлем чемпионатына қатысты ұсыныс айтты

Джанни Инфантино мунидальды үш жыл сайын өткізуді ұсынды

 Дастан Жұмабекұлы 21.12.2022 | 14:58
фото: ашық дереккөз

Халықаралық футбол федерациясының (ФИФА) басшысы Джанни Инфантино әлем чемпионатын үш жыл сайын өткізуді ұсынды.

Daily Mail хабарлауынша, Инфантиноның идеясына 18 желтоқсанда Катарда аяқталған әлем чемпионатының коммерциялық және спорттық табысы түрткі болған. Турнирден түскен табыс рекордтық 7,1 млрд еуро болды. Бұл 2018 жылы Ресейде өткен әлем чемпионатынан 1 млрд еуроға көп.

2030 жылға дейін ешқандай өзгеріс болмайды. Өйткені бұл датаның соңына дейін халықаралық күнтізбе бойынша келіссөздер аяқталған.

Қазір әлем чемпионаттары дәстүрлі түрде төрт жылда бір рет өткізіліп жүр. Енді 2026 жылғы әлем чемпионаты АҚШ, Канада және Мексикада өтеді. Оған 48 ұлттық құрама қатыспақ.

Ал 2030 жылғы әлем чемпионатының қай елде болатыны әлі таңдалмаған.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама