Halyq Uni логотип
×

Өзбекстанда министрліктер мен ведомстволар екі есе қысқарады

Мекеменің саны 61-ден 28-ге дейін азаяды

 Дастан Жұмабекұлы 21.12.2022 | 14:25
Өзбекстанда министрліктер мен ведомстволар екі есе қысқарады
фото: ашық дереккөз

Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияев кеше жариялаған жолдауында министрліктер мен ведомстволар 2 еседен артық қысқаратынын айтты. Бұл туралы gazeta.uz хабарлады.

Мемлекет басшысының айтуынша, министрліктер мен ведомстволар саны алдағы жылы 2 еседен аса – 28-ге дейін қысқарғалы тұр. Осыған орай мемлекеттік қызметкерлердің саны 30-35 пайыз көлемінде азаяды. Оның айтуына қарағанда, мемлекеттік басқару саласын «қолдап басқарудан» жинақы және тиімді жүйеге көшетін кез келді.

Енді Өзбекстандағы министрлік пен ведомоство саны 61-ден 28-ге дейін түседі. 20 желтоқсан күні президент Шавкат Мирзияев өзінің жыл сайынғы дәстүрлі жолдауында осылай деді.

Бірінші кезекте министрліктерде реформа жасалады. Принципті түрде Үкіметтің басқару тәсілі өзгереді. Ең алдымен министрліктер мен ведомстволар 61-ден 28-ге дейін азайтылады, – деді ол.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама