Америка Сенаты Украина мен НАТО-ға шұғыл көмекке шамамен 45 миллиард доллар бөлу мәселесін қарастыруда
Украина президенті Владимир Зеленский бүгін Вашингтонға аттануы мүмкін. Осылайша, ол елінде соғыс басталғалы бері алғаш рет шетелге шыққалы отыр.
Бұл сапар туралы АҚШ ақпарат құралдарының біразы хабарлады. Оның ішінде CNN телекомпаниясы мен Politico басылымы да бар. Олардың мәліметінше, Владимир Зеленский АҚШ Конгрессінің алдында сөз сөйлеп, президент Джо Байденмен кездеспек.
Өзге бір деректерге қарағанда, Украина президенті қазірдің өзінде Құрама Штаттарға ұшып бара жатқан көрінеді.
Бұл ретте Америка Сенаты Украина мен НАТО-ға шұғыл көмекке шамамен 45 миллиард доллар бөлу мәселесін қарастыруда. Сондай-ақ АҚШ Киевке «Пэтриот» зымырандық қорғаныс жүйесін жөнелту жоспарын мақұлдауға жақын.