Halyq Uni логотип
×

Астанада билікті басып алмақ болған ер адам сотталды

Оған терроризмді насихаттады деген айып тағылды

 Динара Амантай 21.12.2022 | 11:50
Астанада билікті басып алмақ болған ер адам сотталды
Фото: Halyq Uni

Елордада терроризм актісіне дайындалып, билікті басып алмақ болған тұрғынға қатысты Астана қаласы Сарыарқа аудандық сотының шешімі заңды күшіне енді. Бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.

Сот оның терроризм актісіне дайындалу, террористік әрекетті ұйымдастыру мақсатында адамдарды даярлау, сонымен қатар терроризмді, билікті басып алу және ұстап тұруды, Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысын күштеп өзгертуді насихаттау фактілері бойынша кінәсін дәлелдеді.

Осылайша, ол 15 жыл бас бостандығынан айыру жазасына кесілді.

Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі аппеляциялық алқасымен сот үкімі өзгеріссіз қалдырылды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама