Halyq Uni логотип
×

Мұхтар Әблязовты елге қайтаруға бар күшімізді саламыз – Жандос Өмірәлиев

Қазақстанда оған қатысты 2 қылмыстық іс қозғалған

 Дәурен Ерболат 21.12.2022 | 11:15
Мұхтар Әблязовты елге қайтаруға бар күшімізді саламыз – Жандос Өмірәлиев
Мұхтар Әблязов, imperiya.by: UGC

Қазақстан билігі Францияда тұрып жатқан экс-банкир Мұхтар Әблязовты елге қайтаруға бар күшін салады. Бұл туралы Бас прокурордың орынбасары Жандос Өмірәлиев айтты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

«Қазақстанда экс-банкир Мұхтар Әблязовқа қатысты қудалау органдары 2 қылмыстық іс қозғаған. Біріншісі, БТА банкінің қаражатын жымқыруға қатысты. Екіншісі, Ержан Тәтішевтің өліміне байланысты. Екі қылмыстық іс бойынша соттың айыптау үкімі күшіне енген. Содан кейін тиісті экстрадициялау бойынша Францияның өкілетті органдарына бізден сұраныс хаттар жолданды», - деді Жандос Өмірәлиев Мәжілістің жалпы отырысынан соң.

Бас прокурордың орынбасары Франциядағы Мұхтар Әблязовты Қазақстанға қайтару бойынша тиісті жұмыс жүргізіліп жатқанын атап өтті.

Әрине, бұл жұмыс тоқтамайды. Сұраныс хаттар біздің бақылауымызда. Олардың орындалуы үшін бар күшімізді саламыз, - деді ол.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама