Бибігүл Асылова білім және ғылым вице-министрі қызметінен кетті

Халық үні

Ол 2016 жылдан бері осы лауазымды болған

фото: ашық дереккөзден

Бибігүл Асылова білім және ғылым вице-министрі қызметінен босатылды.

Үкімет қаулысымен Бибігүл Амангелдіқызы Асылова берген өтінішіне сәйкес, білім және ғылым вице-министрі қызметінен босатылды, – дейді премьер-министрдің баспасөз қызметі.

БИБІГҮЛ АСЫЛОВА

1975 жылы Солтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген.

Ақмола қаржы-экономикалық техникумын, Қазақ мемлекеттік басқару академиясын бітірген.

Еңбек жолын 1993 жылы Көкшетау облыстық қаржы басқармасы бюджет, жоспарлау, білім беруді және мәдениетті қаржыландыру бөлімінің маманы қызметінен бастады.

1994-1998 жылдары — Көкшетау және Петропавл қалаларының мемлекеттік органдарында маман болып жұмыс істеді.

1998-2016 жылдары — Қаржы министрлігінің, Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің, Мәдениет министрлігінің, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің құрылымдарында жұмыс істеді.

2016 жылғы маусымнан бастап қазіргі уақытқа дейін білім және ғылым вице-министрі қызметін атқарды.