Бибігүл Асылова білім және ғылым вице-министрі қызметінен кетті
Ол 2016 жылдан бері осы лауазымды болған
Бибігүл Асылова білім және ғылым вице-министрі қызметінен босатылды.
Үкімет қаулысымен Бибігүл Амангелдіқызы Асылова берген өтінішіне сәйкес, білім және ғылым вице-министрі қызметінен босатылды, – дейді премьер-министрдің баспасөз қызметі.
БИБІГҮЛ АСЫЛОВА
1975 жылы Солтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген.
Ақмола қаржы-экономикалық техникумын, Қазақ мемлекеттік басқару академиясын бітірген.
Еңбек жолын 1993 жылы Көкшетау облыстық қаржы басқармасы бюджет, жоспарлау, білім беруді және мәдениетті қаржыландыру бөлімінің маманы қызметінен бастады.
1994-1998 жылдары — Көкшетау және Петропавл қалаларының мемлекеттік органдарында маман болып жұмыс істеді.
1998-2016 жылдары — Қаржы министрлігінің, Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің, Мәдениет министрлігінің, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің құрылымдарында жұмыс істеді.
2016 жылғы маусымнан бастап қазіргі уақытқа дейін білім және ғылым вице-министрі қызметін атқарды.