×

Смайылов Экономиканы демонополизациялау жөніндегі комиссияның отырысын өткізді

Берілген 124 тапсырманың 93-і орындалды

 Динара Амантай 21.12.2022 | 09:45
Фото: t.me/KZgovernment

Бүгін комиссия отырысында өнеркәсіп саласындағы активтерді мемлекет меншігіне қайтару және жүк тасымалдау-жеткізу қызметтерін көрсетудің жекелеген салаларын демонополизациялау жөніндегі шаралар талқыланды. Премьер-министр қорытынды шешімдер қабылдау үшін жауапты мемлекеттік органдар еліміздің экономикалық мүддесін ескере отырып, отырыста айтылған ұсыныстарды қосымша пысықтауы қажет екенін атап өтті.

Мемлекет басшысы бізден байыпты және әділ шешімдер күтеді. Қарастырылып отырған әрбір жағдай бойынша нақты нәтижелер қажет. Осы орайда әріптестерімізден Комиссияның шешімдерін белгіленген мерзімде сапалы түрде пысықтауды қамтамасыз етуді сұраймын, — деді премьер-министр.

Сонымен қатар, қатысушылар комиссияның биылғы шешімдерінің орындалуы туралы есепті тыңдады. 25 отырыстың қорытындысы бойынша 124 тапсырма берілген. Оның 93-і орындалды. Қалғаны орындалу сатысында.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама