Halyq Uni логотип
×

«Баланы өлі тудым»: Ақтөбеде жаңа туған сәбиін далаға тастап кеткен әйел табылды

Әйелдің кәмелетке толмаған тағы екі баласы бар екені анықталды

 Халық үні 20.12.2022 | 20:40
«Баланы өлі тудым»: Ақтөбеде жаңа туған сәбиін далаға тастап кеткен әйел табылды
фото: ашық дереккөзден

Ақтөбеде жаңа туған сәбиін қорапқа салып, далаға тастап кеткен әйел табылды, деп хабарлайды Polisia.kz Telegram каналы.

«Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Ақтөбе қаласының 29 жастағы тұрғыны анықталып, ол полиция бөліміне жеткізілді. Ол баланы өлі туғандықтан, далаға тастап кеткенін айтқан. Оның кәмелетке толмаған тағы екі баласы бар екені анықталды», – дейді Ақтөбе облысы ПД ЖСКБ басшысы Ерболат Сарқұлов.

Бұған дейін хабарланғандай, 19 желтоқсан күні сағат 22.05-те полицияға Ғ.Жұбанова көшесіндегі көпқабатты үйдің жанынан қағаз қорапқа салынған баланың денесі табылғаны туралы хабарланған. Оқиға орнына жедел-тергеу тобы жіберіліп, жаңа туған ер баланың мәйітін анықтаған.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама