Талдықорғанда бұрынғы әйелін пышақтаған ер адамға сот үкімі шықты

Дәурен Ерболат

Күдіктіге халықаралық іздеу жарияланған

Фото: Halyq Uni

Талдықорғанда экс-әйелін бірнеше рет пышақтаған ер адам 7 жылға сотталды, деп хабарлады Жетісу облысының полиция департаменті.

Қайғылы оқиға биыл 5 қаңтарда болған. Ер адам бұрынғы әйелін аңдып тұрып, жүрек пен мойын тұсына бірнеше рет пышақ сұққан.

Күдікті Қостанай облысынан табылып, Талдықорғанға жеткізілді. Арнайы сот-медициналық сараптама тағайындалды. Барлық іс материалы оның қорытындысымен сотқа жолданды, - деп жазылған хабарламада.

Ер адам Қылмыстық кодекстің 106-бабы («Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру») бойынша кінәлі деп танылып, 7 жылға бас бостандығынан айырылды.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.