Польшаға кеткен украиндар жаппай үйлеріне қайта бастады
Көліктер тасқынының үлкен кептелісі болып жатыр
Ресей соғыс ашқаннан кейін Польшаға кетуге мәжбүр болған украиндар жаппай үйлеріне қайтып келіп жатыр. Бұл туралы Obozrevatel хабарлады.
Осыған байланысты екі мемлекеттің шекарасында Польша жақтан келіп жатқан көліктер тасқынының үлкен кептелісі пайда болды.
Ресей оккупанттарының Украинаға басып кірулеріне орай туған елдерін тастап кетуге мәжбүр болған украин азаматтары арасында үйге қайтуға тілек білдірушілер қатары көбейіп келеді, – делінген хабарламада.
Шекарашылар адамдарды анықтауды жылдамдатып, кептелісті азайту үшін өткізу-бақылау бекетіндегі қызметкерлер штатын көбейтуге шешім қабылдады.
Келушілер тасқыны мынадай:
- Дорогуск – Ягодин бағыты: мұнда Украинаға кірмекке тілек білдірген 1000-ға тарта жеңіл көлік, 350-ге таяу жүк көліктері;
- Корчёва – Краковец бағыты: 400-ден аса автомобиль және 250 жүк көлігі;
- Медика – Шегини бағыты: 900-ге жуық жеңіл көлік пен 200 жүк көлігі.